Алматыда карантинге жабылғандар жағдайларын айтып, наразылықтарын білдірді — Қазақстан жаңалықтары

0

Оңтүстік Кореядан келгеннен кейін Алматыдағы стационарлық карантинге жіберілген қазақстандықтар оларды ұстау шарттарын қорқынышты деп атады. Денсаулық сақтау министрлігі жағдайды түзетуге уәде берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирус

«Бұл мәселе денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың бақылауында және Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының бақылауында. Қазір ол карантин өтіп жатқан емханада. Біз науқастардың жағдайын жақсарту үшін барлық шараларды қолданудамыз», — деді денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшарип брифингте.

Оның айтуынша, денсаулық сақтау министрлігі коммуналдық қызметтерден көмек алуға келіскен.

«Біз бұл палаталарға көп жылу жіберіп жатырмыз. Барлық жәйттар ескерілді, біз 14 күндік міндетті карантиннің өтуі үшін қолайлы жағдай жасау үшін бар күшімізді саламыз», — деп сендірді ол.

Еске салсақ, 5 наурызда Алматыа Кореядан келген 100 жолаушы карантинға жабылған болатын. Олардың ішінде төрт бала бар.

 

stan.kz