Алматыда карантин кезінде екі мың такси ғана қызмет көрсетеді

0

Қала билігі 2 мың таксиді іріктеп алды, басқа көліктерге қызмет көрсетуге тыйым салынды. Сонымен қатар қоғамдық көлік кешкі жетіге дейін жүреді

АЛМАТЫ, 2 сәуір – Sputnik. Алматыда карантин кезінде 2000 такси ғана қызмет көрсете алады. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның айтуынша, бірінші сәуірде қала бойынша такси компанияларына 900 ғана тапсырыс түскен.

«Соңғы 30 күнде қалада қанша адамның такси қызметіне жүгінгенін қарадық. 80 мың такси көлігінің 7 мыңының белсенділігі жоғары болды. Бірақ біз дәл қазір жеті мың көлікті қалада жүргізе алмаймыз. Кеше қалада бір күнде 4 700 көлік тіркелді. Тағы жеті мың такси қызметіне рұқсат берсек, бізде карантин екені сезілмей қалады», — деді Қожағапанов.

«Сол себепті белсенді клиенттері бар такси қызметтерін ғана таңдадық. Қалада 2 000 көлік қана жүре алады», — деп толықтырды ол.

Оқи отырыңыз: Алматылық дәрігер Covid-19 жұқтырғандар саны қашан күрт азаятынын болжады 

Ал басқа көліктерге қызмет көрсетуге тыйым салынды. Сонымен қатар қалада қоғамдық көлік кешкі жетіге дейін жүреді.



sputniknews.kz