Алматыда карантин ерекше өкім шыққанға дейін сақталады — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматы аумағында 11 мамырдан бастап ерекше өкім шыққанға дейін карантин режимі сақталады. Бұл туралы қала әкімдігі жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі жедел штабта мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

карантин

Қаланың периметрі бойынша орналасқан блок-бекеттер бұрынғыдай күшейтілген режимде жұмыс істейді. Қалада жүргенде санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормалары қатаң сақталуға тиіс. Оған қоса Штабтың шешімімен қалада жұмысына рұқсат етілген кәсіпорындар мен мекемелердің қызметкерлеріне ғана жүріп-тұруға болады. Атап айтқанда:

— мемлекеттік және құқық қорғау органдары;

— коммуналдық қызметтер;

— өнеркәсіп;

— құрылыс;

— жобалық ұйымдар;

— жылжымайтын мүлік агенттіктері;

— ХҚКО (заңды тұлғаларға қызмет көрсету үшін);

— нотариустар;

— адвокатура;

— азық-түлік дүкендері мен базарлар;

— кафелер мен мейрамханалар (өзімен алып кетуге ғана болады);

— медициналық клиникалар;

— стоматология;

— зертханалар;

— дәріхана;

— көлік және логистика;

— дистрибуция;

— ЖҚС;

— онлайн жеткізу;

— екінші деңгейдегі банктер және басқа да қаржы ұйымдары (50%-ға дейін);

— сақтандыру;

— ломбардтар;

— бизнеске арналған кәсіби қызметтер (консалтинг, аудит және бухгалтерлік қызметтер);

— ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;

— азық-түлік емес дүкендер, жалпы ауданы 500 м2 дейін;

— ТҚС, көлік жуу және шиномонтаждау;

— шаштараз;

— фотосалондар;

— гүл павильондары;

— химиялық тазарту (кір жуу орындары);

— техника және аяқ киім жөндеу орындары;

— баспа үйлері;

— айырбастау пункттері;

— ветеринарлық қызметтер.

Қоғамдық көліктің жұмыс тәртібі өзгеріссіз қалады (сағат 06.00-ден 19.00-ге дейін).

«Осыған байланысты азаматтарға карантин мен санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтау керектігін ескертеміз. Карантинді бұзу (қызметті рұқсатсыз жүзеге асыру, оның ішінде жұмысқа шығу) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген дербес және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады», — деп хабарлады Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Алматыда төтенше жағдай режимі алынғаннан кейін карантин сақталатынын қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді.

stan.kz