Алматыда кафе күзетшісі келушіні өлтірді деген күдікке ілінді — Қылмыс

0

Алматыда көңіл көтеру мекемесінің күзетшісі кісі өліміне күдікті ретінде өтіп жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Көңіл көтеру мекемесінің иесі бұрындары сотталған адамды күзетші ретінде жұмысқа алып, демалушылардың қауіпсіздігін сақтамақ түгілі, олардың өміріне айтарлықтай қауіп төндірді. Бір неше күн бұрын сол мекемеде бір адам қаза тапты. Күзетші өзінің танысымен бірге ішімдік ішіп отырып, жанжалдасып қалып, пышақ ұрған. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды, сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Кафе басшысына шара қолданылды», — деп жазды баспасөз қызметінің өкілдері Бостандық аудандық полиция басқармасының басшысы Дәурен Өтебаевтың сөзін.

Көңіл көтеру мекемесінің иесі — «Голд люкс» ЖШС директорына ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 493-бабы 3-бөлігі бойынша 20 АЕК (50500 теңге) айыппұл салынды.  

Сонымен қатар, полицейлер Іле Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи саябағында орналасқан кафе заңсыз салынғанын анықтаған. 

«Өз еркімен кафені бұзу ұсынысын иесі қабылдаған жоқ. Ендігіде сот шешімімен мәжбүрлеп сүру жұмыстары жүргізілетін болады», — деді Алматы ПД өкілдері.

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz