Алматыда элиталы жезөкшелерді саудалаған Оңтүстік Корея азаматтары ұсталды — новости Казахстана

0

Оңтүстік астананың полиция қызметкерлері Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан әріптестерімен бірлесе арнайы операция өткізіп, элиталы жезөкшелер ордасын анықтады. Операция нәтижесінде 18 жезөкше мен 22 Оңтүстік Корея азаматтары құрықталды. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Видеодан кадр

Фото:Видеодан кадр

Арнайы операция «Stop трафик» жедел-іздестіру профилактикалық шарасы аясында өткізілген.

Құқық қорғаушылар караоке-клуб ретінде жұмыс істеп, тек шетелдіктерге қызмет көрсететін элиталы жезөкшелер ордасының әрекетін тоқтатты.

Алматы қаласы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмыспен күресу бөлімінің басшысы подполковник Берік Әбілбековтің мәліметінше, операцияға Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстанның полицейлері қатысқан.

«Осының бәрін төрт адам басқарып отырған, олардың екеуі Оңтүстік Корея азаматтары. Олардың караоке барларындағы жеңіл жүрісті қыздар тек шетел азаматтарына қызмет көрсетумен айналысқан. Операция кезінде мекемеде 22 Оңтүстік Корея азаматтары мен 18 жезөкше ұсталды«, — деді подполковник Берік Әбілбеков.

Төрт қожайынға қатысты қылмыстың кодекстің 309 бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Ұйымдасқан қылмыспен күрес бөлімінің хабарлауынша, төрт ел аумағында «Stop трафик» профилактикалық шарасы жүргізіліп жатыр. Бұл шара адам сату, жеңгетайлықпен айналысу, құлдықта ұстау мақсатында адам ұрлау және бостандығынан айыру сынды қылмыстарды әшкерелеуге бағытталған.

Алматы полициясы осы бағыттағы тәжірибелерімен көрші елдің өкілдерімен бөлісті.