Алматыда экс-судья ұсталды
Әлеуметтік желіде Медеу аудандық сотының экс-судьясы Светлана Жолманова ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Бұл деректі Алматы қаласының Полиция департаменті растады.
Полиция мәліметіне сәйкес, оның үстінен алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
— Медеу аудандық полиция басқармасы алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті полицияға жеткізілді. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, — деді қалалық ПД баспасөз қызметінен.
Еске салайық, 2021 жылы алматылық судья алаяқтық жасады деген күдікке ілінген болатын.
Биыл 22 ақпандағы Президенті Жарлығымен ел өңірлерінде сот төрағалары мен судьялар тағайындалды.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы сот ісін жеңілдетуге қатысты ұсыныс айтқанын жазғанбыз.
Ал Жоғарғы сот төрағасы судьялар дербестігінде жаңа реформалар ерекше әсереткенін айтты.