Алматыда экс-әкімге 40 миллион теңгеден астам айыппұл салынды  

0

Шахмерден Рыспаев «Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту» бағдарламасы бойынша бөлінген бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінген болатын

НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр – Sputnik. Алматыдағы Алатау ауданының бұрынғы әкімі мен оның орынбасарына қатысты сот үкімі шықты.

Шахмерден Рыспаев бюджет қаржысын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Төрт айдан бері қамауда отырған экс-әкімді сот 40 миллион теңгеден астам ақша төлеуге міндеттеді. Сондай-ақ Шахмерден Рыспаевтың өмір бойына мемлекеттік қызметте істеуіне тыйым салынды.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда бұрынғы әкімге сот үкімі шықты 

Ал оның сыбайласы, әрі орынбасары болған Саят Ағыбаев екі жылға бас бостандығынан айырылды. Ол да бұдан былай мемлекеттік қызметтің маңына жолай алмайды, деп хабарлады КТК.

Алатау ауданын үш жыл басқарған Шахмерден Рыспаев пен оның орынбасары «Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту» бағдарламасы бойынша бөлінген бюджет қаржысын жымқырғаны үшін қаңтар айында қамауға алынған болатын.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық агенттігі Шахмерден Рыспаевтың ұсталған сәтінің видеосын жариялаған болатын.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз