Алматыда ірі көлемдегі қару-жарақ арсеналы тәркіленді (ВИДЕО)
Криминалдық полиция қызметкерлері Алматыда арнайы операция жасап, қару-жарақ арсеналын тәркіледі, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.
ПД мәліметінше, тұрғын үйлердің біріндегі тұрақта полицейлер Lexus LX 470 және Toyota Camry маркалы көліктерін тоқтатқан. Алты адам ұсталған, оның төртеуі бұрын сотталған.
«Олар шабуыл жасағаны үшін, ұрлық, алаяқтық жасағаны үшін, есірткі қылмысы мен қаруды заңсыз ұстау деректері бойынша сотты болған. Араларындағы үлкені — 33-те, кішісі 25-те. Біреуі Түркістан облысынан, қалғаны Алматы облысының тұрғыны.
Тінту барысында айыпталушылардан және олардың көлігінен «Макаров», «Наган» және «Марголин» жүйесінің екі тапаншасы, тегіс ұңғылы екі қару, «Стражник» травматикалық тапаншасы және олардың патрондары табылды. Бұл дерек соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдіктілер уақытша тергеу изоляторына қамалды», — деді Алматының полиция департаменті басшысының орынбасары, полиция полковнигі Берік Әбілбеков.