Алматыда ірі есірткі дилері ұсталды
Фото: Басқарманың баспасөз қызметі
Астана, BAQ.KZ. Алматы қаласы Полиция департаментінің Есірткі саудасына қарсы күрес жөніндегі басқармасының қызметкерлері шұғыл-іздеу шаралары барысында М. есімді азаматты ұстады. Оның үйінен жарты келіге жуық есірткі заты табылды.
«Шұғыл ақпаратқа сүйенсек, 1980 жылы дүниеге келген М. есімді азамат үйінде «героин» сатқан. Ол үйде әкесімен бірге тұрады. Арнайы және шұғыл шаралар аясында күдіктінің іске қатысын құжат жүзінде толтыру мүмкін болмады. Бірақ бірнеше күн өткен соң фигурант ұсталды. Алматының Түрксіб ауданында орналасқан үйіне арнайы итпен санкциялық тінту жасалды. Сол кезде 300 грамға жуық сұр түсті ұнтақ тәрізді және өсімдік тәрізді 200 грамм зат тәркіленді. Сот-химиялық сараптама бұл заттарлы героин және марихуана деп таныды. М. есімді азамат оны әдейі жасырған», — деп мәлімдеді басқарма бастығының міндетін атқарушы Ерлан Әлмағамбетов.
Шұғыл бөлімшенің деректеріне сүйенсек, күдіктіден өлімге әкеп соғатын ішімдіктің 1 395 дозасы тәркіленді.
«38 жастағы М. бұған дейін есірткі затын сақтағаны үшін қылмыстық жауапқа тартылған. «Есірткіге тәуелді» ретінде есепте тұр. Қазір аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 3-бөлігі 297-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», — деп қорытындылады Әлмағамбетов.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Ұқсас сілтемелер:
Дереккөз: BAQ.KZ