Алматыда ірі есірткі cаудагері ұсталды (фото) — новости Казахстана

0

Алматыда ірі есірткі саудагері ұсталды деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Алматы қалалық полиция департаменті

Фото: Алматы қалалық полиция департаменті

М. атты азаматтың үйінен жарты келі есірткі заттары табылды.

Фото: Алматы қалалық полиция департаменті

Фото: Алматы қалалық полиция департаменті

«Жедел ақпарат бойынша 1980 жылы туған М. атты күдікті азамат «героинді» әкесімен тұрып жатқан үйінен сатқан. Жедел және арнайы іс-шаралар аясында күдіктінің есірткіге қатысы бар екені құжатталды. Бірнеше күннен соң ол ұсталды.

Азаматтың Алматы қаласы Түрксіб ауданындағы үйінде қызметтік-іздестіру итінің қатысуымен рұқсат етілген тінту барысында 300 грамм ұнтақ тәріздес сұр түсті зат және 200 грамм өсімдік тектес зат табылып, тәркіленген.

Ал сот-химиялық сараптама нәтижесінде есірткі саудагерінің үйінен героин мен марихуна табылғаны анықталған. Айта кетейік, М. есімді азамат есірткі заттарын жасырын ұстаған алайда олардың барлығы анықталды», — деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаменті есірткі саудасымен күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағанбетов.

Фото: Алматы қалалық полиция департаменті

Фото: Алматы қалалық полиция департаменті

Жедел бөлімшенің ақпараты бойынша ұсталған азаматтан жалпы өлімге әкелетін меңдуананың 1395 дозасы тәркіленген.

Фото: Алматы қалалық полиция департаменті

Фото: Алматы қалалық полиция департаменті

«38 жастағы азамат бұрын есірткі заттарын аса ірі көлемде сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған, «есірткіге тәуелді»санаты бойынша есепте тұр.

Аталған фактіге қатысты М. есімді азаматқа Қылмыстық кодекстің 297- бабы, 3- бөліміне сәйкес сот алды тергеу жұмыстары жүргізіледі. Ол қазір уақытша тергеу изоляторына қамалды», — деді Әлмағанбетов.

Фото: Алматы қалалық полиция департаменті

Фото: Алматы қалалық полиция департаменті