Алматыда ХҚКО-да кезекті жеделдету үшін ақша алғандар ұсталды – Қылмыс

0

Алматыда ХҚКО-лардың бірінде кезекті жеделдету үшін ақшалай сыйақы алған қызметкерге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, осыған дейін Алматы қалалық Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасындағылар арнайы жедел іс-шара барысында азаматтарды кезексіз қабылдау үшін ақшалай сыйақы алып отырған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерін ұстаған болатын.

«Қызметкер кезекті жеделткені үшін 7 мың теңге алған. Ол бірден сол жерде ұсталды. (…) Бірнеше қызметкердің осылай ақша алып отырғаны анықталды – 5 000 – 15 000 теңге аралығында. Ұсталғандардың сөзіне қарағанда, олар ақшаның жартысын корпорацияның инспекторларына беріп отырады. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 247-бабы бойынша («Заңсыз сыйақы алу») Алатау аудандық Полиция басқармасы тергеп жатқан қылмыстық іс материалдарына қосылды», – деп хабарлады қалалық Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының басшысы Берік Әбілбеков.

Cондай-ақ, Алатау ауданының полицейлері қылмыстық іс материалдарының үш күн ішінде сотқа жолданатынын айтып өтті.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз