Алматыда халықаралық этно-мәдени фестивалі өтеді

0

Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен 2-3 қыркүйек күндері Боралдай сақ қорғандарында «Ұлы дала – көшпенділер әлемі» халықаралық этно-мәдени фестивалі өтеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Қала күніне орайластырылған фестиваль «Алматы – Шанхай ынтымақтастық ұйымының мәдени және туристік астанасы» жобасы аясында өтеді.

Бағдарламада 10-нан астам көшпелі халықтардың салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары, мәдени мұралары ұсынылады.

Сондай ақ, шет елдік және қазақстандық шабандоздардың түрлі өнерлері, үздік этномузыканттардың әндері, қолөнершілердің шеберлік сабақтары көрсетіледі.

Айта кетейік, кіру тегін. Басталу уақыты:  10:00.

Сағат 9 бен 18.00 аралығында Сақ қорғандарына қала ішінен арнайы автобустар жүреді. Орталық стадион, «1-Алматы вокзалы», «Н. Сац атындағы балалар мен жасөспірімдер театры» және «Алатау» дәстүрлі өнер театры маңынан автобустар қатынайды.