Алматыда Gelandewagen айдап жүрген 6 жасар баланың әкесі кім екені анықталды

0
22

Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Жас баланың қымбат көлікті жүргізгені жайлы ролик 2019 жылдың 20 қарашасында түсірілген болып шықты

НҰР-СҰЛТАН, 13 қаңтар — Sputnik. Алматыда 6 жасар ұлын Gelandewagen көлігінің рөліне отырғызған жүргізушінің кім екені анықталды, де хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтап, көлік иесінің үстінен әкімшілік хаттама толтырды.

Осыған дейін әлеуметтік желіде 6 жасар баланың қымбат көлікті жүргізгені жайлы видео тараған болатын. Полиция ролик 2019 жылдың 20 қарашасында түсірілгенін анықтады.

Оралда 9 жасар бала көлік айдап әкетіп, апатқа ұшыраған

Кадрда шамамен 6-7 жастағы бала Mercedes-Benz G-класс көлігіне отырып, оны жүргізгені көрінеді. Кейін видео көліктің ішінде түсірілген. Онда бала қымбат көлікті ересек адамның көмегінсіз тізгіндеп отырғанын байқауға болады.

«Бала көлікті жаттығу полигонында жүргізгенін ескерсек те, бұл жағдай ол үшін қауіпті болғанын естен шығармағанымыз жөн. Әкесі оны түсінуі керек еді. Көлік иесі бұл тәртіп бұзушылық екенін мойындады. Ол баласын бұдан былай көлік рөліне отырғызбауға уәде берді», – делінген Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Жүргізушінің өз кінәсін мойындағанына қарамастан, Қазақстан Әкімшілік кодексінің 612-бабы 5-тармағы (Көлік құралын жүргізу құқығы жоқ адамға немесе көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған адамға беру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Көлік иесі 50 АЕК – 132 550 теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.

Айта кетейік, Mercedes-Benz G-класс көлінің нарықтағы бағасы – шамамен 10-30 миллион теңге аралығында.



sputniknews.kz