Алматыда фрилансердің жұмыс істеуіне ыңғайлы 5 орын

0

Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасы

Былтыр қайта жөндеуден өткен кітапхананың дизайны, сапалы жарығы мен орындықтары кірген адамды бірден баурайды. Кітапханада жоғары жылдамдықтағы интернет қосылған. Құпиясөзін кіреберістегі тіркеу бөлімінен сұрайсыз. Мұнда екі үлкен зал бар. Жұмыс істеуіңізге ешкім кедергі келтірмейді. Себебі кітапхана заңы бойынша барлық адам тыныштық сақтауы керек.

Кітапханада кафетерий жұмыс істейді. Тамақты өзіңізбен бірге алып келуіңізге де болады. Тек мәдениет сақтап, қоқыс қалдырмасаңыз болғаны. Арасында газет-журнал оқып, жұмысыңызға керек әдебиетті де қолдана аласыз.

Кітапхана демалыссыз және үзіліссіз сағат 9.00-дeн 22.00-ге дейін жұмыс істейді.

Мекенжайы:  Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 43-үй.

McDonald’s мейрамханасы

Мейрамханада фрилансерге ең басты керек нәрсе – интернет бар. Жылдамдығы да жоғары.

McDonald’s мейрамханасы Қазақстанда алғаш 2016 жылы ашылды. Қазір Алматының өзінде сегіз нүктесі бар. Мұнда тамақтанып қана қоймай, адамдар жұмыстарымен еркін айналысып отыра береді.

Мейрамхананың дизайны мен жиhаздары да ерекше. Мұндағы қызметкерлер де ешкімнің мазасын алмайды. Айтпақшы, мейрамханада 350 теңгеге бургер, 200 теңгеге балмұздақ алуға болады.

Мейрамхана үзіліссіз және демалыссыз сағат 7.00-ден 00.00-ге дейін істейді.

Өзіңізге жақын McDonald’s мейрамханасының мекенжайын mcdonalds.kz сайтынан қарай аласыз.

SmArt.Point коворкинг орталығындағы кофеханалар

SmArt.Point коворкинг орталық болғандықтан онда жұмыс істеу ақылы, бірақ тегін жерлерді де табуға болады. Мысалы, мұнда URBO coffee және Starbucks кофеханалары бар. Екеуінде де тамақтанып, жұмыс істеуге болады. Ол үшін ыңғайлы орындар бар.

Құрылғыңызды қуаттау үшін розетканы оңай табасыз. Starbucks-та тегін Wi-Fi бар. Орталықтың екінші қабатында да тегін жұмыс істеуге арналған бірқатар орын бар.

Мекенжайы: Байзақов көшесі, 280.

Esentai Mall-дағы Meloman кітап дүкені

Адамдар мұнда тек кітап оқу үшін емес, жұмыс істеуге де келеді. Фрилансер кітап дүкенінен ыңғайлы орын таба алады. Тек интернет өзінен болуы керек.

Meloman сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істейді.

Мекенжайы: әл-Фараби даңғылы, 77/8, 3-қабат.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!

Дереккөз: Baribar.kz