Алматыда есірткі шегіп бір жасар қызын азаптап өлтірген ұшқыш әке апелляцияға берді

0
44
Коллаж: ORDA.

2020 жылдың желтоқсан айында Алматы қаласында қызын өлтіргені үшін 20 жылға сотталған Баракат Мохамед сот үкіміне қарсы шағым түсірді.

Алматы қалалық сотының іс жүргізуіне британдық адвокаттардан апелляциялық шағым түсті.

Оны қарау 2021 жылдың 23 ақпанына жоспарланған.

Еске салсақ, жантүршігерлік оқиға 2019 жылы 24 қазанда Алматыдағы InterContinental қонақ үйінде болды. Тергеу дерегінше, Мохамед Баракат алкогольдік ішімдік пен есірткілік зат тұтынғасын бір жасар қызы София Баракатты танымал мейманханада азаптап өлтірген. Оның қолын қанға былғауына әйелі екеуінің арасындағы кикілжің себеп болған.

Ұлыбритания азаматы Мохамед Баракат Қазақстанда қолына кісен салынғалы бері бірнеше рет қорғаушы ауыстырды. Сот барысында оның мүддесін екі бірдей адвокат қорғады. Олар алғашқы күннен бастап Мохамед Баракаттың кінәсіздігін айтып, соттан оны ақтауды сұрады.