Алматыда есірткі дилері ұсталды | КТК

0

Алматыда ірі көлемде есірткі сатумен айналысқан адам құрықталды. Полицейлер күдіктінің үйін тінту барысында жарты келі героин мен марихуана тәркілеген. Әкесімен бірге тұратын күдіктінің үйінен иісшіл иттің көмегімен 300 грамм героин, 200 грамм марихуана табылған. Қара базарда ұнтақтың 1 грамы 20 мың теңге төңірегінде. 

38 жастағы азамат бұған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылып, есірткіге тәуелділердің тізіміне алынған екен. Күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталып, уақытша оқшаулау изоляторына қамалды. Толығырақ КТК телеарнасынан сағат 19:30-да кешкі жаңалықтардан көре аласыз.