Алматыда ер адам тапа-тал түсте ломбардтан 95 миллион ұрлап кетті – бетін жасырмаған ұры ұсталды – Қазақстан жаңалықтары

0
70

Алматыда полиция қызметкерлері ломбардқа қарақшылық шабуыл жасаған ұрыны кідіріссіз қолға түсірді. Ұры кассирді қарумен қорқытып, ломбардтағы алтындар мен ақшаны алып кеткен. Жалпы, ұры қолды қылғам сома 95 млн теңгеге бағаланды. Дегенмен, ломбард тонаған ұрының  жеке басын бақылау камераларының арқасында анықтау мүмкін болды, деп жазады Stan.kz КТК арнасына сілтеп.

Алматыда ер адам тапа-тал түсте ломбардтан 95 миллион ұрлап кетті – бетін жасырмаған ұры ұсталды

Тәртіп сақтышылары 95 миллионды қолды қылған ұрыны 4 күннің ішінде анықтап, қолға түсірді. Ал, тонаушы ұрлық жасағаннан кейін бірден қаладан кетіп қалып, Көкшетауда жасырынып жүрген.

Ломбартқа шабуыл жасаған 44 жастағы азамат кінәсін толық мойындады. Ол Алматы қаласының орталығындағы ломбардқа қалай шабуылдағаны туралы толық баяндап берді. Айтуынша, ол кассирді травматикалық тапаншамен қорқытып, ақша мен алтын талап еткен. Содан кейін ештеңе болмағандай ізін суытқан.

Қылмыс күндізгі уақытта болды. Ломбардқа клиент секілді кірген ер адам ол жерден пакетін толтырып шықты. Ол тіпті бет-жүзін жасырмай, 95 миллион теңгеге бағаланған ақша мен алтынды ұрлап кетіп отыр.

«Бұл қылмыс үшін заңнама 7 жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейді. Бірақ сотта ауырлататын мән-жайлар ескеріледі. Ол бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғандықтан, бұл жолы оған тағайындалатын жаза қатаңдау болады. Сондықтан, жаза әлдеқайда ауыр болуы мүмкін»,- дейді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Ал, ұры өзінің ломбард тонап жатқан сәтін бір емес, ондаған камера түсіріп тұрғанын білмеген. Дәл сол бейнебақылау камераларының арқасында полицейлер ұрыны қолға түсіре алды. 

stan.kz