Алматыда ер адам тал-түсте әйелінің шашынан сүйреп, соққыға жықты (видео)

0

Алматыда ер адам көшенің ортасында әйелінің шашынан сүйреп, соққыға жықты.

Ерлі-зайыптылар арасындағы төбелес әлеуметтік желіде тарады. Қалалық полиция депаратаментінің мәліметінше, оқиға 8 шілде күні «Думан» ықшамауданында болған. Тәртіп сақшылары оны әлеуметтік желіге мониторинг жасау кезінде анықтады. Белгілі болғандай, жәбірленуші 1979 жылы туған, ал оны соққыға жыққан күйеуі 1974 жылғы.

«Аталған факті бойынша учаскелік инспекторлар оқиға орнында тексеру жүргізді. Әйел күйеуінің үстінен арыз жазды. Оған сот-медициналық сараптамадан өтуге жолдама берілді. Ер адамды жауапқа тарту мәселесі сараптама қорытындысы шыққан соң қаралады», — дейді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.

Сонымен қатар ер адам апта сайын әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторға профилактикалық әңгіме жүргізу үшін келуге міндеттелді.