Алматыда ер адам бизнес орталықтың 12-қабатындағы терезеден құлап кетті
Қысқа сілтеме алу
https://sputniknews.kz/images/449/66/4496657.jpg
Sputnik Қазақстан
https://sputniknews.kz/incidents/20191205/12208737/Almaty-biznes-ortalyq.html
48 жастағы зардап шегуші жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін көз жұмды, ер адамның кім екені анықталды
АЛМАТЫ, 5 желтоқсан – Sputnik. Алматыда ер адам көп қабатты «Нұрлы-Тау» бизнес орталығының терезесінен құлап, мерт болды. Оқиғаның мән-жайын және себебін қалалық полиция қызметкерлері анықтап жатыр.
Оқыс жағдай таңғы сағат он бір шамасында болған. Полиция департаментінің мәліметінше, ер адам ғимараттың он екінші қабатындағы терезеден құлап кеткен.
Тағы оқыңыз: Көшеде келе жатқан жігіт 5-қабаттан құлаған сәбиді қағып алды – видео
«Қазіргі уақытта оқиға орнында Бостандық ауданы полиция басқармасының жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Марқұмның жеке басы анықталды, ер адам 1971 жылы туған», — деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиғаның мән-жайы сотқа дейінгі тергеу барысында анықталады.
sputniknews.kz