Алматыда ер адам 17-қабаттан секірмекші болды
Ер адам өз-өзіне қол жұмсамақ болған.
Бұл сәт түсірілген видео Instagram әлеуметтік желісіндегі dorogi_almaty_official тобында жарияланған. Оқиға Тастақ шағынауданындағы «Алтын бұлақ» тұрғын үй кешенінде болған. Бейнежазбаның астында ер адам өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны жазылыпты.
Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі ер адамның өз-өзіне қол жұмсамақшы болғанын растады. Сондай-ақ, Алмалы ауданының полицейлері осыған байланысты қылмыстық іс қозғаған. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Дереккөз: sn.kz