Алматыда екі оқушы туған әкесінің қолынан қаза тапты
Nemolchi.kz қорының басшысы Дина Таңсәрі тағы да бір адам шошырлық оқиғамен бөлісті. Екі баланың әкесі пәтерге апарып, қос ұлын пышақтап өлтіріп, кейін өзіне де қол салмақшы болған. 17 жыл әйелімен бірге тұрған күдікті соңғы уақытта қызғанышқа бой беріп, зорлық-зомбылық көрсеткен.
«Енді осымен өмір сүр! Сен оларды өлтірдің!» деп хат жазып қалдырмақ болған.
«Марқұм балалардың анасының туыстарының айтуынша, қатыгез ер адам тіпті қарт әжелеріне де күш қолданған. Еш жерде жұмыс істемей, әйелін аңдумен болған. Тіпті үйге камералар орнатқан екен. Осылайша, отбасы мүшелерінің өмірін бақылауда ұстауға тырысыпты», — делінген жазбада.
ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 3-бөлігі бойынша тергеу жүргізуде. Мұндай баппен сотталған адам 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
«Ең қорқыныштысы – әкесі бұл әрекетке дайындалған. Ол пәтерді алдын-ала жалға алып, балаларды сол жерге әкеліп, қанды қылмыс жасайды. Оқиғаны видеоға түсіріп, кейін сол видеоны балалардың анасына жіберген. Бұған қоса, өзінің осы әрекетке барғысы келгенін және оның себебі анасы екенін хабарлаған. Бұған дейін оның психикалық ауытқулары немесе өзге де тәуелділіктері туралы мәліметтер болмаған», — деп жазады автор.
фото: әлеуметтік желіден