Алматыда екі мың теңгеге адамдарды блок-бекеттерден өткізуге уәде берген такси жүргізушісі ұсталды — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматыда бір адамды екі мың теңгеге блок-бекет арқылы заңсыз тасымалдауға тырысқан такси жүргізушісі ұсталды. Бұл туралы қаланың әкімшілік полициясының бастығы Жандос Мұраталиев мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

такси

«Алғашқы екі күнде қала жеке төлем арқылы блок-бекеттен өтуге бола алатындығына шулай бастады. Сондықтан  біз осындай адамдарды анықтау үшін топ құрдық, бүгін таңертең біз бір адамды анықтадық. Оған қатысты «алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол ақша табуға тырысқан. Екі мың теңгеге ол азаматты тасымалдауға уәде берген. Алайда, ол бекетке келіп. азаматтың екі мың теңгесін алған. Ал өзі облысқа өте алмаған. Бұл мәселені біз СДТБТ-ға тіркедік . Ол бойынша қазір тергеу жүргізілуде», — деді Жандос Мұраталиев.

Сонымен қатар, ол алғашқы күндері облыс тұрғындары блок-бекеттерден айналма жол арқылы өткенін айтты. Қазір бұл учаскелердің барлығын полицейлер жауып тастады .

Бұған дейін әлеуметтік желілерде такси жүргізушісінің жолаушыларға 2 мың теңгеге бло-бекеттен өткізуге көмектесетінін айтқан видеосы пайда болды.

 

 



stan.kz