Алматыда екі баланы зорлаған адамға химиялық кастрация жасалады

0

Соттың үкімімен күдікті кінәлі деп танылып, 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қатаң режимдегі түзеу мекемелерінде өтейді

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2004 және 2007 жылы туған екі баланы зорлаған ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Соттың үкімімен азамат К. кінәлі деп танылып, 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қатаң режимдегі түзеу мекемелерінде өтейді. Сонымен қатар кәмелетке толмаған балалармен жұмыс істеуге және педагогикалық қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салынды. Сотталушыға химиялық кастрация жасауға үкім шықты», — деп хабарлады Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты.

Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы соттың үкімін қолдады. Үкім заңды күшіне енді.

sputniknews.kz