Алматыда екі азамат қонақүй күзетшісін соққыға жыққан (видео)

0

Алматыда «Қазақфильм» ықшам ауданында орналасқан қонақүй күзетшісін соққыға жыққан азаматтар ұсталды. Бұл туралы Алматы полиция департаменті мәлімдеді.

Қазір оларға қатысты Қылмыстық кодекстің 293- бабы, 2- бөлімі мен 107- бабы, 2- бөліміне сәйкес қылмыстық іс жүріп жатыр.

«Қылмыстық істің материалдарына сәйкес, бұл жанжалға күзетшінің мас күйде әрі ашулы болған екі азаматты қонақүйге кіргізбеуі себеп болған. Олар күзетшіні жабылып ұрып тастаған», – деп хабарлады Бостандық ауданы полиция басқармасының басшысы, полиция подполковнигі Дәурен Өтебаев.

Нәтижесінде 1989 жылы туған азаматтың қолы мен мұрны сынып, ауруханаға түскен.

Жедел-іздестіру шаралары барысында 1993 жылы туған Алматы тұрғыны мен 1990 жылы туған Ресей тумасы ұсталды. Қазір олар уақытша тергеу изоляторында отыр. Тергеу жұмыстары жалғасуда.

 

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз