Алматыда екі ағайынды жігіт науқас інісіне бауырының бір бөлігін берді — Қазақстан жаңалықтары

0

Екі донордан алынған бауыр трансплантациясының бірегей операциясы Dual Graft модификациясы деп аталады. Бұл операция тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар ТМД бойынша алғаш рет жүзеге асырылды, деп жазады Қазақпарат.

Алматыда екі ағайынды жігіт науқас інісіне бауырының бір бөлігін берді

«Бұл операция техникалық жағынан өте қиын. Ол 15 сағатқа созылды. Хирургтардың командасында орталықтың 50-ге жуық медициналық қызметкерлері қатысты. Бақытымызға орай, операция сәтті өтті. Қазіргі уақытта науқастар (алушы және 2 донор) өзін жақсы сезінеді. Науқастың жалпы жағдайы тұрақты, ол бөлімге ауысты. Донор болған екі жігіт үйіне жіберілді», — деді А.Н. Сызғанов атындағы АҚ басшысы Болатбек Баймаханов.

Операцияны А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия ғылыми орталығының жетекші мамандары корейлік әріптестерімен бірелсіп жүргізді. 

37 жастағы бауыр циррозы диагнозы қойылған Нүркен Сейтқұловтың 3 жыл ауырып, жақында бауыр трансплантациясы жедел қажет болды. Оңтүстік Кореядағы Aсан клиникасының хирургтарымен біге ота жасау туралы шешім қабылданды.

Бұл емхананың профессоры Sung-Gyu Lee 200 жылы әлемде алғаш рет екі донордың мүшесін ауыстырып салу отасын жасаған. 

Нүркен Сейтқұловқа 2 ағасы донор болды.

«Мен 3 жыл бұрын ауруым туралы білдім. Толық зерттеуден кейін маған бауыр трансплантациясы қажет деп айтылды. Мен үлкен отбасыдан шыққанмын. Менің анам. 9 әпкем бар. Анам жағынан 60 шақты аға-әпкелерім бар. Көптеген туыстары донор болуға ерікті болды. Дегенмен, 8 потенциалды тексеруден соң донордың тек екеуі ғана жарайтынынанықталды. Қазір мен өзімді жақсы сезінемін. Осындай күрделі операция жасаған дәрігерлерге ерекше алғысымды білдіргім келеді. Олардың арқасында мен толық өмір сүру үмітім оянды», — деп бөлісті Нұркен Сейтқұлов.

37 жастағы Нүркеннің өз отбасы бар. Оның үш ұлы бар. Ауырмас бұрын ол жеке компанияда жұмыс істеді. 2 донор бауыры операциядан 10 күн өткен соң жіберілді. Енді олар да өзін жақсы сезінеді.

«Біз отбасылық кеңесте бәрін талқыладық. Донорлықтан бас тарту туралы ойлаған да жоқпыз. Ең бастысы, бауырласымыз бізбен бірге, тірі және жағдайы тәуір болды. Оның отбасы, балалары бар. Ол әлі де жас, ал бүкіл өмірі алда», — дейді Нұркеннің ағасы Үдекей Оразбек.

Дәрігерлердің айтуынша, мұндай ота техникалық жағынан ауыр жасалады. 

«Тірі донордан алынған бауыр донорлығын трансплантациялау бауыр аурулары бар науқастарды түбегейлі емдеудің жалғыз әдісі болып табылады. Қазақстанда бауыр трансплантациясының 90% -ы тірі донормен жүзеге асырылады, өйткені қайтыс болған адамның ағзасын салу көрсеткіші өте төмен. Әлемде, Оңтүстік Корея, Жапония, Түркия, Тайвань, Франция сияқты елдерде екі донордан бауыр трансплантациясы жасалады. Біз осындай операцияны жүргізген алтыншы елміз», — деді Болатбек Баймаханов.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

stan.kz