Алматыда екі адамның өліміне себепкер болған жүргізуші қамауға алынды

0
57

Ол көлік рөлінде мас күйінде болған.

Алматыда екі адамның ажалына себепкер болған жүргізуші қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz қалалық прокуратураға сілтеме жасап.

– Тәттібеков пен Коперник көшелерінің қиылысында орын алған жол апатынан екі әйелдің қайтыс болуы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, қала прокуратурасы істі бақылауға алды, процессуалдық прокурор тағайындалды,– деді қадағалау органында.

Іс ҚР ҚК 346 бабы 5 б. (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша қозғалды.

Күдікті қамауға алынды.

Жол-көлік оқиғасы 16 наурызда болған. Куәгерлердің айтуынша, Тәттібеков көшесімен жоғары жылдамдықта келе жатқан Toyota Corolla жүргізушісі рөлге ие бола алмай, бордюрден асып, автобус күткен адамдар тұрған аялдамаға соғылды. Соның салдарынан екі әйел қаза тапқан болатын.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz