Алматыда екі адамды көлік қағып өлтірді

0
Алматыда екі адамды көлік қағып өлтірді


Алматыда 1 күнде 2 адамды көлік қағып өлтірді.

Бірінші оқиға Тілендиев пен Төле би көшесінің қиылысында болған. Куәгердің айтуынша, Тілендиев көшесінен солтүстік бағытқа қарай, яғни Төле биге бұрылған автобус алдынан шыққан ер адамды қағып кеткен. 54 жастағы тұрғын сол жерде көз жұмған. 

Дәл осы дүйсенбі күні кешке екінші қайғылы оқиға Райымбек даңғылында болды. «Арзан» сауда орталығының алдында көшеден өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні көрген Mercedes Sprinter жүргізушісі тежегішті басып үлгермей қалған. Алған жарақатынан 46 жастағы ер адам көз жұмды. 

Дереккөз: sn.kz