Алматыда екі адам автобус жүргізушісін соққыға жықты

0
68

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Жүргізуші денсаулық жағдайына байланыс демалыс алды. Екі ер адам ұсталды

АЛМАТЫ, 25 шілде — Sputnik. Алматыда №14 автобус жүргізушісін екі ер адам соққыға жықты.

Оқиға 21 шілде, жексенбі күні кешке болған. Видео  Instagram-дағы Kris_p_brothers парақшасында жарияланған. Алдымен бір ер адам келіп, жүргізушімен сөйлесе бастайды. Бірер секундтан соң тағы біреуі қосылады. Олар кабинаға кіріп, жүргізушіні соққыға жығады.

«Бату Travel жолаушылар тасымалы орталығы» директорының орынбасары Серік Ұрымбаевтың айтуынша, жүргізу жұмысын аяқтап, Ақан Сері көшесіндегі жанар-жағармай бекетіне бет алған. Жаңа Момышұлы көшесіне бұрылған кезде жеңіл көлік кенеттен автобус алдына тоқтаған. Жүргізуші сигнал беріп, қозғалысты жалғастырды.

«Алайда көлік автобусты қуып жеткен. Автобусқа кіріп, екі ер адам жүргізушіні ұра бастады», – деді Ұрымбаев.

Оның айтуынша, жүргізуші автобустан шығып, жанар-жағармай бекетіне жүгірген. Ол жерде қоғамдық көліктің өзге жүргізушілері болатын. Олар полиция шақырды.

Тағы оқыңыз: Балалар мінген автобус жол апатына ұшырады – фото

Екі ер адам келесі күні ұсталды.

Жүргізуші жарақат алған, қазір денсаулық жағдайына байланысты демалыста. Жүргізуші бес ай ішінде бірде-бір ескерту алмаған.



sputniknews.kz