Алматыда дөнер сататын мекеме екінші рет сүрілді — Ел жаңалықтары
Алматыда Абай даңғылы мен Масанчи көшесінің қиылысында орналасқан танымал дөнер сататын мекеме екінші рет сүрілді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бірінші рет бұл жерді 2016 жылдың 1 маусымында қиратқан еді. Сот жекеменшік кәсіпорын иесінің жерге құқығы болмай тұра заңсыз құрылыс салғанын анықтаған еді. Оған айыппұл салынған болатын.
Бірақ 2018 жылдың қаңтарында құрылыс қайта пайда болған еді.
Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz