Алматыда дизайнерді өлтірген күдіктіге сот үкімі шықты

0
36

Алматы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Бисен лақап атымен танымал қазақстандық дизайнер Сәбит Сарыханның өліміне қатысты сот отырысы өтті. Сотталушыға үкім шығарылды, деп хабарлайды ORDA. ақпарат агенттігі. 

Іс ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша қаралды. Судья сотталушының кінәсі дәлелденіп, оны 11 жыл үш айға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды деді.

Судья Ерлан Болатов осы бап бойынша ең жоғарғы жаза тағайындады. Сонымен қатар, сот сотталушының 2018 және 2020 жылдары туылған екі бала тәрбиелеп отырғанын ескерді.

«Сот сотталушының іс-әрекетін ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігіне сәйкес квалификациялады. Сот мұндай қорытындыға сот отырыстары кезінде анықталған дәлелдер негізінде келді. Сотталушының іс-әрекетін бағалау кезінде басты назар адамның өмірлік органдарына ауыр дене жарақаттарының келтірілгендігін ескерді. Басынан бірнеше жарақат алды, соның салдарынан миына қан кетіп, миы шайқалды. Мұның бәрі жәбірленушінің өліміне ықпал еткен», – деді судья.

Сот Сәбит Сарыхан отбасының айыпталушыдан 10 миллион теңге моральдық зиян келтіргені үшін өтемақы өндіріп алу туралы талаптарын толық қанағаттандырды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. 15 күн ішінде процеске қатысушылар сот шешіміне шағымдана алады.

Еске салсақ, Бисен лақап атымен танымал қазақстандық дизайнер Сәбит Сарыхан 18 қазанға қараған түні көз жұмған. Кісі өлтіруші – сүйіктісінің ағасы.

Куәгерлердің айтуынша, үйдің ауласында екі ер адам төбелес бастаған. Кейін бірі құлап, екіншісі оқиға орнынан қашып кеткен.