Алматыда бұзақылар белгілі тележүргізушінің көлігінің айналарын ұрлап алып кетті – Қазақстан жаңалықтары

0
92

Белгілі тележүргізуші және продюсер Дастан Шымырбайдың көлігінен бұзақылар айнасын шешіп алып кеткен. Бұл туралы Stan.kz тілшісіне мәлім болды.

Айтуынша, келеңсіз оқиға наурыздың 18-нен 19-на қараған түні орын алған. Алматының Мамыр-3 ықшам ауданында орналасқан үйдің алдына тұраққа қойылған көліктің екі айнасы Kolesa.kz сайтында шамамен 15 мыңнан-260 мыңға дейінгі бағаға сатылып отыр.

Ең қызығы, Дастан көлікті тура күзетші отыратын дүңгіршіктің қасына қойған екен.

Қазіргі уақытта белгілі тележүргізуші полицияға ұрлық жайында арыз түсірді.

Дастан Шымырбай – КТК, «31 арнада» ұзақ уақыт жаңалықтар жүргізушісі болды. Қазір Евразия телеарнасының Бас продюсері әрі бірнеше отандық телевизиялық жобалардың авторы.

stan.kz