Алматыда букмекерлік кеңседе болған сұмдықтың видеосы жарияланды

0
126

Алматы полициясы «Тонау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр

АЛМАТЫ, 21 қаңтар — Sputnik. Алматының Әуезов ауданында орналасқан букмекерлік кеңсені тонағандар видеоға түсіп қалды. Интернетте жарияланған роликте үш ер адамның ғимаратқа кіріп келіп, екеуі күзетшіні таяқпен аяусыз ұрып-соққаны көрінеді.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған факті негізінде ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы 2-бөлігі (Тонау) бойынша тексеріс жүргізіліп жатқанын хабарлады. Шұғыл тергеу тобы құрылып, қылмысты ашуға бағытталған жедел және арнайы іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/