Алматыда блокбекеттер қайта қойыла ма?

0

Алматыда қалаға кіретін және шығатын жерлерде бақылау-өткізу пункттері орнатыла ма деген сұраққа қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин жауап берді.

«Жоқ. Сыртқы периметрлер бойынша әзірге блокбекеттер қойылмайды. Сондықтан қала мен облыс тұрғындары қалаға еркін кіріп, шыға алады», деді ол. Ескерте кетейік, Қазақстанда демалыс күндері − 20-21 маусым аралығында шектеулі шаралар күшейтілетін болады.

Алдыңғы ақпараттарда айтқанымыздай, қала басшысы Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарына індетті ауыздықтауда арнайы шектеулер қойылатыны туралы айтты. Оның айтуынша, коронавирустың өршуіне байланысты Үкімет эпидемиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша жаңа шараларды қабылдады. Осыған орай Алматыда карантин режімін күшейту бойынша қосымша шаралар жүзеге асырылып жатыр. Сенбі, жексенбі күндері ірі сауда және қызмет көрсету нысандарының, қоғамдық көліктердің жұмысы тоқтатылады дейді қала әкімі.

EGEMEN.KZ