Алматыда блок-бекет тәртібін сақтамағандарды қалай жазалайды? — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматы қаласының полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов блок-бекеттерді бұзып өткендерге қандай жаза қолданылатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирус

Бұған дейін хабарланғандай Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары 19 наурыздан бастап карантинге жабылады. Осыған байланысты Алматы қаласына кіреберісте және 10 магистральды 27 блок-бекет қойылады.

«ТЖ режимін бұзу немесе төтенше жағдайдың жариялануына байланысты талаптарды орындамау 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.Төтенше жағдай жарияланған жерде жасалған билік өкілінің заңды талабына немесе өкіміне бағынбау 2000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады», — деп хабарлады полицияда.

Сонымен қатар, екі мегаполиске кіріп-шығу қалай оырндалатыны белгілі болды.

«Әрбір блокпостта санитарлық қызмет қызметкерлері жұмыс істейтін болады. Олар коронавирусқа күдікті науқасты дер кезінде анықтап, оқшаулайды. Олар өз жұмысында тепловизорларды қолданады. Аспаптар әрбір блокпоста жеткілікті болады. Блокпостарда анықталатын жолаушылары бар машиналар, температура анықталатын жолаушылар болатын жерге қайтарылады», — деді тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің орынбасары Әсел Халықова.

stan.kz