Алматыда бірнеше көлік соқтығысып, 1 адам қайтыс болды

0
Алматыда бірнеше көлік соқтығысып, 1 адам қайтыс болды


Алматыда бірнеше көліктің соқтығысуы салдарынан жүргізушілердің бірі қайтыс болды.

Жол апаты Момышұлы көшесінің бойында Маречек пен Төле би көшелерінің аралығында болған. Куәгерлердің айтуынша, BMW көлігі Момышұлы көшесімен оңтүстік бағытқа қарай жүріп келіпті де, белгісіз себептермен жолдың қарсы бағытына шығып кеткен және Hyundai автокөлігімен соқтығысқан. Соққы салдарынан Hyundai ұшып кетіп, Renault көлігін зақымдаған. Сондай-ақ, жол көлік оқиғасы кезінде Lada көлігіне де материалдық шығын келді.

Жол апаты салдарынан BMW автокөлігінің жүргізушісі қаза тапты. Оның жанында отырған жолаушы мен Hyundai жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. 

Дерекккөз: sn.kz