Алматыда бірнеше көлік соқтығысты – фото

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Оқиға салдарынан алты адам зардап шекті. Екеуінің жағдайы ауыр. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр

АЛМАТЫ, 9 қазан — Sputnik. Алматыда «Рахат» базарына қарама-қарсы жерде ірі жол апаты болды.

Куәгерлердің айтуынша, Lexus GS 300 пен Volkswagen Passat солтүстік айналма жолмен оңтүстік бағытқа қарай жүріп бара жатқан.


©
Sputnik / Стрингер.

Жол апаты салдарынан алты адам зардап шекті

Lexus жүргізушісі рөлге ие бола алмай бетон қоршауға соғылды. Бұдан соң көлік бүйірімен жолдың қарсы бағытына шығып кетеді. Lexus солтүстік айналма жолмен солтүстікке қарай бет алған Volkswagen Polo көлігіне соқтығысады.


©
Sputnik / Стрингер.

Оқиға орнында жол полициясы қызметкерлері жұмыс істеуде

Апат салдарынан алты адам зардап шекті: Passat жүргізушісі, Volkswagen Polo жолаушысы мен жүргізушісі және Lexus-тың екі жолаушысы мен жүргізушісі. Екі адамның жағдайы ауыр.



sputniknews.kz