Алматыда биіктіктен құлаған оқушы қыздар жер қойнына тапсырылды
16 қыркүйекте Алматыдағы тұрғын үйдің жанынан табылған екі оқушы қыздың денесі жер қойнына тапсырылды. Жақындары олардың әлі күнге дейін суицидке барғанына сенбейді. Интернет-технологиялардың кесірінен деп есептейді. Ақпарат көздеріне сүйенсек, олар аниме кітаптарын сүйіп оқыған.
Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Алматыдағы оқушы қыздардың өліміне қатысты тың деректермен бөліскен еді.
«Бұл – суицид. Қазір өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу фактісі бойында қылмыстық іс қозғалды», — деді ол.
Еске сала кетейік, олардың бірі эколог Евгений Мұхамеджанов пен суретші Балқия Мұхамеджанованың қыздары екені белгілә болды.
фото: aikyn.kz