Алматыда биіктен полиция қызметкері құлап кетті

0

Алматыда салынып бітпеген үйдің төбесінен полиция қызметкері құлап кетті, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның видеосы желіде тарады.

Полициядағылардың айтуынша, ол қазір ауруханада жатыр, жағдайы — ауыр.

Куәгерлердің айтуынша, ол құрылысы бітпеген үйдің төбесінен жасөспірімдерді қуалаймын деп жүріп, құлап кеткен.