Алматыда бес балалы отбасы бір түн ішінде далада қалды (фото, видео) – новости Казахстана

0
139

Алматыдағы «Шаңырақ» ықшам ауданында тұратын бес баласы бар отбасы далада қалды. Күтпеген жерден орын алған өрт оқиғасы көпбалалы жанұяны қақаған аязда баспанасыз қалдырған. Барар жері, басар тауы қалмаған ерлі-зайыптылардың соңғы үміті қазақстандықтарда деп жазады NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Алмаз Мейманқожаев отбасымен арман еткен үйіне кіргеніне бар-жоғы екі жыл ғана болған. Бала-шағасының осы шаңырақта өсіп-өнгенін қалаған азаматтың жоспарын тілсіз жау жоққа шығарды.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

25-ші желтоқсан күні сағат 18:30 шамасында орын алған өрт көпбалалы жанұяның үйінен түк қалдырмады.

Анықталғандай, тілсіз жау үй маңында жасалынып жатқан дәнекерлеу жұмыстары салдарынан орын алған.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Бүгінде қиын жағдайға тап болған отбасы барша отандастарының көмегіне жүгінуге мәжбүр болуда. Көп балалы отбасының жалғыз асыраушысы – отағасы.

Әйел адам бала күтіміне байланысты демалыста. Ерлі-зайыптылардың ең кенжесі дүние есігін ашқанына екі ай ғана болған.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Өрт кезінде үйде отағасы ғана болмаған. Абырой болғанда, жалын шарпыған үйдің ішінен әйел адам мен бала-шаға аман қалған.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Қақаған аязда баспанасынан айырылған жанұяға көмек қолын созам деушілер үшін:

Kaspi Gold: 5169 4931 1787 8403

Алмаз Мейманқожаев 8 702 972 8612