Алматыда базар тағы да өртке оранды
Алматыда «Самал» базарының сауда дүңгіршектерінен өрт шықты
Белгілі болғандай, тілсіз жау 150 шаршы метр аумақты жарамсыз еткен.
«4 желтоқсан, күндізгі сағат 13:03-те Алматы қалалық 101 диспетчерлік қызметіне Жетісу ауданы, Солтүстік шеңберде орналасқан «Самал» базарындағы «Сабыржан» супермаркетіне жапсарлас салынған сауда орындарының өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түсті. Өрт түскі 14:01-де ауыздықталып, 14:18-де сөндірілді. Төтенше жағдайдан ешкім зардап шеккен жоқ. Бірақ, өрттен 9 дүңгіршек жарамсыз болып қалды. Оның ішінде 7 дүңгіршек түгі қалмай өртеніп кетті», — деді қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетова.
Оның айтуынша, төтенше жағдаймен күресуге 63 адам, 17 техника жұмылдырылған.
Дереккөз: ҚазАқпарат