Алматыда «барахолка» отқа оранды — видео

0

Өрт сөндіру қызметінің оқиға орнына жетуіне көліктер кедергі жасаған. Сондықтан эвакуатор шақыруға тура келді

Жұма күні «Байсат» базарынан өрт шықты, деп хабарлайды Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Сағат 14:51-де өрт сөндіру қызметі Жетісу ауданы, Солтүстік айналма жол, 7, «Байсат» базарына шұғыл жетті.
«Өрт сөндірушілер 3 минуттан соң жетті. Бірнеше контейнер жанып жатқаны анықталды», — делінген хабарламада.
Өрт сөндіру қызметінің оқиға орнына жетуіне көліктер кедергі жасаған. Сондықтан эвакуатор шақыруға тура келді.