Алматыда «барахолка» өртеніп жатыр – видео

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Полиция өртеніп жатқан қойманың аумағын қоршауға алды. Жалынды сөндіруге 40-тан астам өрт сөндіруші жұмылдырылды  

НҰР-СҰЛТАН, 6 қыркүйек — Sputnik. Алматыдағы «Мезам» базарында қойма өртенді, деп хабарлады ТЖ комитетінің баспасөз қызметі.   

Куәгерлер оқиғаның видеосын әлеуметтік желілерде жариялап жатыр – қою қара түтін бірнеше ондаған метрге көтерілді.

Ведомствоның мәліметінше, ірі өрт туралы хабарлама 13.45-те түскен.

Өрт металл-пластик бұйымдарды сақтайтын жеке тұрған қоймадан басталған.

«Өрттің жақын орналасқан қоймаларға таралу қаупі бар», — деп атап өтті ТЖК.

Өртті сөндіруге 43 адам мен 12 техника жұмылдырылды.

Сондай-ақ өртті сөндіруге автопойыз аттанды, қосымша суарып жуатын машиналар жіберілді.

Полиция базар аумағын қоршауға алды. ТЖК мәлімдегендей, тәртіп сақшылары қоймалардағы тауарларды күзетеді.

Кейінірек өртті сөндіруге екі тікұшақ – Қазавиақұтқарудың Ка-32 және Алматы қаласы құтқару қызметінің Ми-8 тікұшағы тартылғаны белгілі болды.  



sputniknews.kz