Алматыда баланы қағып кеткен жүргізуші көлігін тастап, қашып кетті

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Зардап шеккен бала әр түріл жарақатпен ауруханаға жеткізілді 

АЛМАТЫ, 17 сәуір— Sputnik. Алматыда Клара Цеткин көшесінде баланы көлік қағып кетті.

Куәгерлердің айтуынша, Mazda 626 көлігі далада ойнап жүрген баланы қағып кеткен.


©
Sputnik / Стрингер.

Жүргізуші апат орнынан жаяу қашып кетті

Оқыс оқиғадан кейін жүргізуші тоқтамай, келесі көшеден бұрылып, тағы 200 метрдей жүріп, әрі қарай жаяу қашып кеткен. Бала әр түрлі жарақатпен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.


©
Sputnik / Стрингер.

Полиция қашқын жүргізушіні іздеп жатыр

Мән-жайды анықтау үшін оқиға орнында жол полициясы қызметкерлері, кримининалистер жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ құқық қорғау органдары қашқын жүргізушіні іздеуге кірісті.    



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз