Алматыда балалар жаппай ұрланып жатыр деген ақпарат

0

Полиция белгісіз әйелдің әлеуметтік желілерде таратқан ақпараты шындыққа жанаспайтынын хабарлап отыр

АЛМАТЫ, 3 қазан — Sputnik. Әлеуметтік желілерде Алматы мен Алматы облысында балаларды ұрлап жатыр деген ақпарат тараған болатын. Полиция мұны жоққа шығарды. Тәртіп сақшылары жалған ақпарат таратқандарды іздеп жатыр, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Дыбыстық хабарламада әйел Алматы облысы мен мегаполистің кейбір аудандарында 2-16 жас аралығындағы балаларды ұрлау фактісі жиілеп кеткенін хабарлаған.

Кейін ол Алматыдағы полиция департаментіне видео келіп түскенін айтады. Оның айтуынша, Қытайда жүк көліктерінен мұзға «қатырылған» қазақстандық балаларды түсіріп жатқан сәт видеоға түсіп қалған.

Алматының полиция департаменті бұл ақпарат мүлдем шындыққа жанаспайды деп отыр.

«Хабарламада айтылған ақпарат жалған. Бірде-бір факт дәлелденген жоқ», – деді Алматылық полиция департаментінің баспасөз қызметі.  

Полициядағылар бұл ақпаратты таратушылардың мақсаты халық арасында дүрбелең туғызу екенін айтады.

Тағы оқыңыз: Полиция тоқтатқан: Қызылорда тұрғыны жұмбақ жағдайда көз жұмды

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері тексеріс жүргізіп жатыр. Жалған ақпарат таратқан адам

қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз