Алматыда балалар үйінің тәрбиеленушілері арасында триатлоннан чемпионат өтеді

0

Алматы, BAQ.KZ. 14 желтоқсан күні World Class Almaty фитнес-клубында интернат пен балалар үйлеріндегі тәрбиеленушілерге арналған триатлон бойынша «MY WIN TRIATHLON ALMATY» II чемпионаты өтеді.

Сайысқа 7-16 жас аралығындағы SOS Балалар ауылынан, №10 және 17 интернаттан 131 тәрбиеленуші қатысады.

Сондай-ақ Алматы Білім басқармасында сөйлеу қабілеті төмен балаларға арналған №9 арнайы түзету мектеп-интернатынан 24 кішкентай спортшы жарысқа шығады.

Триатлон мультиспорттық жарыс әрі ол үш кезеңнен тұрады: жүзу, велокезең және жүгіру. Есептік қашықтық: акватлон (50 м — жүзу, 1 км — жүгіру), Super sprint triathlon (100 м — жүзу, 5 км — велокезең, 1 км — жүгіру). Қатысушылар жас санаты бойынша топтарға бөлінеді.

2018 жылдың 1 қыркүйегінен бастап чемпионаттың қатысушылары үшін дайындық жаттығуларын триатлон бойынша тәжірибелі жаттығушылар, спорт шеберлері Евгений Азарьев, Дмитрий Хан және Илья Гусаков жүргізүде. Үш ай бойы балалар күн сайын бассейндерде және спорттық залдарда шұғылдануда.

Чемпионат өткізілген соң барлық жас спортшылар жүлдерлермен марапатталады. Ал жеңімпаздарға өздерінің жас санаты топтарында велосипедтер сыйға беріліп, жазғы лагерьлерге жолдамалар табысталады.

«MY WIN» жобасының жетекшісі Любовь Пактың айтуынша, MY WIN TRIATHLON жарыстары Қазақстанда триатлонды және циклдық спорт түрлерін насихаттау. Әсіресе аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға арналған. Интернат, балалар үйлеріндегі тәрбиеленушілер мен мүмкіндіктері шектеулі балалар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, сонымен қатар спорттық бәсекелестік жағдайын жасау, спортшыларға тең мүмкіндіктер мен әділ күресті ұсыну мақсатында өткізіледі. Жарыс ұйымдастырушыларының көздегені – балаларға бір спорттық отбасы болып өмір сүруді, дені сау болып, өздеріне сенімді болуды, өздерін қоғамға керек екенін сезіндіру.














Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ