Алматыда Баян Мақсатқызының шоу-мюзиклі өтті (фото)

0

Танымал продюсер, актриса Баян Мақсатқызы шоу-мюзикл кешін өткізді. Екі сағатқа созылған шығармашылық кеш продюсердің өнері мен жеке өмір жолынан сыр шертті. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Шоу-мюзиклда продюсердің өмірі кезең-кезеңімен қойылған. Шоу 1993 жылы түсірілген «Махаббат бекеті» фильмінен басталады.

Фото: https://www.instagram.com/bayanmaxatkyzy/

Содан кейін продюсердің журналистикаға қадам басқан дәуірі көрсетіледі. Ол қыз-келіншектерге арналған түрлі бағдарламаның жүргізушісі болған.

Фото: https://www.instagram.com/kamshat__zholdybayeva/

Кейін «КешYou» тобының құрылу тарихы сипатталады. Одан соң алғашқы түсірілген фильмдері, «Қазақ аруы» байқауы, күйеуі Тұрсын Алагөзовпен таныстығы, «Бақыт» фильмі көрсетілген.

  Фото: https://www.instagram.com/zhanar_dugalova/

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызына айналған Ерке Есмахан, Жанар Дугалова да мюзиклде төбе көрсетті. “Сонымен қатар Мөлдір Әуелбекова да бар. Ол “3 минуттық әнімді 2 жіпке ілініп тұрып айттым” деп жазды. 

Фото: https://www.instagram.com/erke_esmahan/

“Босанғаннан кейін сахнаға шығып тұрмын. Қатты қобалжыдым. Қолдауларыңыз керек”, – деді Ерке Есмахан. Ал Балжан Бидаш “Сахнадан түсіп, көріп отырған жоқпыз. Не болып жатқанын білмейміз. Әртістер жаққа үлкен теледидар қойды. Содан тамашалап отырмыз” – деді әнші.

Еске салайық, Баян Мақсатқызы шоу-концерті туралы жалған ақпаратқа сенбеуге шақырғанын жазған едік.