Алматыда автобус өртеніп кетті

0

Алматыда жолаушылар автобусы өртеніп кетті. Оқиға болған жерден түсірілген суреттер мен видеолар тарады, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

Оқиға 6 қыркүйек таңертең Сайын мен Шаляпин көшелерінің қиылысында болған. Сағат 8:00 шамасында куәгерлер осы қиылыстан қою қара түтін шығып жатқанын байқаған. Кейін әлеуметтік желіде өрт болған жердің видеосы тарады.

Жарияланған кадрларда өрттің автобустың ішінен шыққанын көруге болады. Болжам бойынша, бұл №38 бағыт.

Алматы әкімдігі оқиғаның мән-жайын анықтап жатқанын хабарлады.

«Егжей-тегжейлері нақтыланып жатыр. Өрт енді ғана сөндірілді. Толық ақпаратты сәл кейінірек береміз», — деп хабарлады қалалық мобильділік басқармасының өкілі.