Алматыда автобус өртеніп кетті (видео) — новости Казахстана

Бүгін Instagram желісінде Алматыдағы №137 қоғамдық көліктің өртеніп жатқан видеосы тарады. Осыған қатысты Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі пікір білдірді деп хабарлайды NUR.KZ.

Видеодан кадр
Сандуғаш Баймұхамбетованың мәліметінше, Алматыдағы Төтенше жағдайлар департаментінің «101» жедел нөміріне 9:21 минутта автобустың өртенгені туралы хабар түскен.
Оқыс оқиға Наурызбай көшесі Шұғыла шағын ауданындағы Нұрлы және Сәбденов көшелерінің қиылысында орын алыпты.
Белгілі болғандай, №137 бағыттағы қоғамдық көліктің артқы дөңгелегі мен салонын қызыл жалын шарпыған.
Өрт 09:59-да толықтай алауыздықталды. Ол 20 шаршы метр аумақты қамтыған.
Абырой болғанда тілсіз жаудан зардап шеккендер жоқ.