Алматыда автобус көпірден құлады

0
49

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Қоғамдық көлікте оқиға кезінде екі бала мен алты ересек адам болған

ТАЛДЫҚОРГАН, 15 маусым – Sputnik. Алматы облысының Талғар ауданындағы Кеңдала ауылының маңында автобус аударылды. Ол үлкен Алматы каналына түскен. Жол апаты туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады.

Жолаушылар Талғардан Алматыға бара жатқан. Ішінде екі бала мен жүргізушімен бірге алты ересек адам болған.

Алдын ала мәліметке сәйкес, апатқа көліктің дөңгелегіндегі ақау себеп болған, деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

«Жол апаты түскі сағат үш кезінде Талғар – Алматы жолында болды. Автобус жүргізушісі – 56 жастағы ер адам. Апат салдарынан көз жұмғандар мен зардап шеккендер жоқ. Барлық жолаушыны дәрігерлер тексерді», – деп хабарлады облыстық полиция.

Оқиға бойынша тиісті тексеріс жүргізіліп жатыр.



sputniknews.kz