Алматыда аурухананың бас дәрігері қамауға алынды

0
56

Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Нұрлан Тұрдалин пара алды деген күдікке ілінді

АЛМАТЫ, 19 наурыз – Sputnik. Алматыда қалалық орталық клиникалық аурухананың бас дәрігері Нұрлан Тұрдалин қамауға алынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының қаулысы бойынша Н.Нұрдалин ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабында көрсетілген қылмысты жасады, яғни пара алды деген күдікпен екі айға қамауға алынды», – дейді қалалық сотының баспасөз қызметі.

Нұрлан Тұрдалин Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасының директоры болып 2017 жылдың 1 ақпанында тағайындалған болатын.



sputniknews.kz